AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикед...

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Медицина 24.05.2026, 15:10 544
Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Астанада №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Басқарма дерегінше, медбике жұмысқа рұқсат алған және туберкулез бойынша байланыста болған адамдар қатарында тұрған.

Ол соңғы рет 2026 жылдың ақпан айында емханада флюорографиядан өткен. Ол кезде түсірілімде патология анықталмаған. Ал сәуір айында медициналық көмекке жүгінгеннен кейін ауру белгілі болған. Медбике соңғы рет 24 сәуірде жұмысқа шыққан. Қазір ол қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.

Оқиғадан кейін соңғы флюорографиялық тексеруден бері 6 ай және одан көп уақыт өткен 39 қызметкер қайта тексерілген. Олардың бәрінен теріс нәтиже шыққан.

Сондай-ақ басқарма медбикемен соңғы үш айда байланыста болған адамдардың тізімі анықталғанын мәлімдеді. Олардың арасында ауру жұқтырғандар бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.

Осы жағдайдан кейін ауруханада төсек-жабдықтар мен матрастарға дезинфекция жүргізілген.

Былтыр осыған ұқсас жағдай Ақтөбе облысында да болған. Ақтөбедегі көпбейінді балалар ауруханасында ашық түрдегі туберкулезі бар медбике жұмыс істеген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);