ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Астанада капсуланың көмегімен асқазан-ішек жолдары...

Астанада капсуланың көмегімен асқазан-ішек жолдарына диагностика жүргізілді

Медицина 31.05.2022, 13:15 2,081
Астанада капсуланың көмегімен асқазан-ішек жолдарына диагностика жүргізілді
Cурет: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет капсуланың көмегімен баланың асқазан-ішек жолдарына диагностикасы жасалды. Бұл туралы аталған аурухананың хирургия қызметінің...

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет капсуланың көмегімен баланың асқазан-ішек жолдарына диагностикасы жасалды. Бұл туралы аталған аурухананың хирургия қызметінің жетекшісі Ринат Байгереев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Күні кеше ғана республика тарихында алғаш рет біз дербес капсула эндоскопиясын жүргіздік. Бұл диагностикалық әдіс. Яғни адам капсуланы жұтады, сол арқылы біз асқазан-ішек жолдарына қатысты мәліметтерді біле аламыз. Біздің ауруханаға асқазан-ішек жолынан қан кететін пациент келді. Сонымен қатар аталған капсула гастроскопия асқазан-ішек жолының жоғарғы және колоноскопия төменгі бөлімді тексеруге мүмкіндік беріп отыр. Одан бөлек, асқазан-ішек жолдары бойынша қолжетімсіз жерлерді тексеріп, диагностика жүргізуге болады. Диагностиканың қорытындысы бойынша пациентке ота жасауға қатысты шешім қабылданады. Осылайша капсулалық эндоскопия әдісінің көмегімен біз толық көріністі алдық. Нәтижесінде балаға ота жасаудың қажеті жоқ болды»,- деді Ринат Байгереев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.



Оның айтуынша, аталған медициналық әдіс әлем бойынша алғаш 2013 жылы қолға алынды. 



«Осы уақытқа дейін капсула диагностикасы көптеген елдерде қолжетімсіз болды, себебі бұл қымбат процедура. Ендігі уақытта хирургтар капсулалық эндоскопия әдісін қолдануды жоспарлап отыр», - дейді ол.



 Айта кетсек, №2 көпбейінді қалалық ауруханада елорда бойынша балаларға арналған жалғыз хирургиялық стационар орналасқан. Тек бір жылдың ішінде МӘМС жүйесі аясында хирургиялық бөлімшенің қабылдау бөліміне 26 мың бала жүгінді. Хирургиялық стационарда онкология, кардиология және кардиохирургиядан басқа бейінді 10 хирургиялық бөлімше бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.