Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

Әлеумет 17.07.2024, 10:51 861
Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Euronews-пен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы – арнаның халықаралық аудиторияға Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын жан-жақты насихаттауына үлкен мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.

Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы қазақстандық журналистерге көп мүмкіндік сыйлайды. Кездесу барысында отандық телеарна қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптарын өткізу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.

 
«Талқылау әрі меморандумға қол қою қысқа уақытта жасалды, бұл екі тараптың да жемісті ынтымақтастыққа мүдделі екендігін және оның маңызын айқындайды. Біз үшін қазақстандық журналистерді жан-жақты қолдау маңызды. Біз ортақ жұмыс үшін еуропалық журналистерді Қазақстанға әкеліп қана қоймай, қазақстандық БАҚ арасында жаңа тұлғаларды, талантты жастарды іздейтін боламыз», – деді Педро Варгас Давид.

Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстанда кәсіби әрі мықты редакция құру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін сөз етті.

«Бүгін тарихи күн. Қазақстанда Euronews кеңсесінің ашылуы ел үшін маңызды кезеңдердің бірі. Қазақстанның халықаралық аренадағы медиа кеңістікте өз орынын табуға көмектесетін маңызды жобаның бір бөлігі болу – біз үшін үлкен мәртебе», - деп атап өтті Қазақстандағы Euronews жобасының ресми өкілі Әсел Қожақова.

Бұдан әрі тараптар медианы дамытуға және халықаралық ақпарат алмасуды нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып, өзара ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #Euronews #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.