AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді

Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді

Спорт 13.06.2023, 09:27 1,463 Almaty-akshamy.kz. 
Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Астанада 16-18 маусым күндері дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы өтеді. Әлемнің кіл мықтылары жиналатын дода елордадағы «Барыс Арена» спорт сарайында өткізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметі бойынша халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен енген бұл жарысқа барлығы 43 елден 344 спортшы қатысады. Қатысушылардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Нора Гьакова (Косово), Фабио Базиле (Италия), Кисикью Сарах (Франция), Гурам Тушушвили (Грузия), Ван Дайк Санни (Нидерланды), Одетте Гюффрид (Италия), сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері Ассунто Скутто (Италия), Неманья Майдов (Сербия), Бека Гвиниашвили (Грузия), Ким Вон Джин (Оңтүстік Корея) бар.


Қазақстан намысын әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова, бірнеше әлемдік Grand Slam және Гран-при жарыстарының жеңімпаз-жүлдегерлері Жансай Смағұлов, Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Ислам Бозбаев бастаған бірқатар дзюдошылар қорғамақ.


Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.


«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. 


Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты ккелісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. 


Үш күнге созылатын байрақты бәсекеге кіру тегін. 


Жарыс кестесі: 


16 маусым
Жарыстың басталуы – 10:00
Ашылу салтанаты – 16:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг


17 маусым
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Әйелдер: -63 кг, -70 кг
Ерлер: -73 келі, -81 келі


18 маусым
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Әйелдер: -78 келі, +78 келі
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Qazaqstan Barysy Grand Slam #спорт #дзюдо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);