ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық са...

Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті

Әлеумет 15.12.2023, 07:34 773
Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті
primeminister.kz
Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті. Оған Үкімет мүшелері, Параламент депутаттары, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық...

Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті. Оған Үкімет мүшелері, Параламент депутаттары, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.


Шараға қатысушылар алдында сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова дәрігерлердің халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, отандық медицинаның дамуы жолындағы еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді. Сондай-ақ вице-премьер салаға қатысты Үкімет қолға алған шаралар туралы айтып өтті.



«Біздің басты мақсатымыз – халықтың қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет алуы үшін жағдай жасау. Қазірде еліміздің әр аймағында мамандарымыз күрделі оталар, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты операциялар жасап жүр. Бұл медициналық қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу мақсаты тұр. Олардың бір бөлігі қазірде ашылып, жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.



Атап өтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммит еліміздің барлық өңірінен келген 1 500-ге жуық адамның басын қосты. Шара медицина саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.


Саммит аясында дәстүрлі түрде үзік қазақстандық мамандарға «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медицина сыйлығы табысталды. Жеңімпаздар 17 аталым бойынша марапатталды. Олардың қатарында стационар, жедел жәрдем дәрігерлері, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлері, медициналық колледж ұстаздары, провизорлар, фельдшерлер, медбикелер және т.б. мамандар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.