AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері ө...

Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері өнер көрсетеді

Не? Қайда? Қашан? 26.06.2023, 05:56 1,981
Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері өнер көрсетеді
www.gov.kz

Елорданың 25 жылдығына орай мәдениеттер мен халықтарды біріктірудің бірегей құралы әскери оркестрлердің I Халықаралық «Астана – мәдениет керуені» әскери-музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қалалық әкімдіктің қолдауымен Қорғаныс министрлігі Әзербайжан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштері музыкалық ұжымдарының қатысуымен қазақстандықтарға ерекше сыйлық дайындауда.


Фестиваль аясында елордаға бес жүзге жуық музыкант жиналмақ. Олардың репертуары марш, эстрада, джаз және танымал классикалық туындыларға бай. Әр команданың өзіндік стилі, түсі және музыкалық қолтаңбасы бар.



Мұндай көлемдегі іс-шараны өткізу ұжымдардың шығармашылық өсуіне, оркестрлік мәдениетті дамытуға және достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.


Іс-шаралар 6 шілде күні басталады. 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында оркестрлердің қатысуымен Band Marathon өтеді.


Келесі күні сағат 20.00-де музыкалық ұжымдардың қойылымдары орталық саябақта, "Бәйтерек" монументі мен "Хан Шатыр"сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.


Фестиваль 8 шілдеде аяқталады. "Барыс Арена" мұз сарайында үлкен гала-концерт өтеді. Сағат 12.00-де басталатын концертте көрермендер оркестрлер дефилесімен қойылған қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Музыка #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);