ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / «Астана Опера» театрының Камералық залына Күләш Ба...

«Астана Опера» театрының Камералық залына Күләш Байсейітованың есімі берілді

Тұлға 14.09.2021, 04:35 1,846
«Астана Опера» театрының Камералық залына Күләш Байсейітованың есімі берілді
Сурет: Adebiportal.kz
«Астана Опера» камералық залға қазақтың бұлбұлы - Күләш Байсейітованың есімімен аталды

«Астана Опера» камералық залға қазақтың бұлбұлы - Күләш Байсейітованың есімімен аталды


Осыған орай «Қазақтың бұлбұлы» концерті өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда «Астана Опера» Камера­лық залы көптеген музыканттар өнер көрсету­ге ұмтылатын еліміздің беделді концерт­тік алаңына айналды. Зал классикалық мұра­ны сақтап, жаңарып отыратын қазақстан­дық қоғамның рухани сұраныстарын іске асы­ратын қазақ және әлемдік музыка мәдение­ті дәстүрлерін көрсетеді. Аталған сахна­да Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің әйгілі әртістері өз өнерлерін паш етіп жүр.



«Камералық залдың Күләш Байсейітова залы боп аталуы - біз үшін зор құрмет. Ол КСРО халық әртісі жоғары ата­ғының ал­ғаш­қы иегерлерінің және сол атақты жас ке­зінде алған тұлғалардың бірі. Оның табиғи музы­калық дарыны мен әлемдік музыканың асыл қазынасына қалдырған бейнелер шоғы­ры біздің жадымызда. Ол сомдаған Шұғаның бейнесі әншінің шеберлік тұрғыдан өскенін көрсетті, ал Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсындағы Жібектің партиясы әншіге классикалық опера өнерінің шыңына көтерілуге жол ашты», - деді театр директоры Ғалым Ахмедияров. 



Әншінің қызы Қарлығаш Бай­сейітова әйгілі әншінің балалық шағы туралы жылы естеліктерімен бөлісті, мейірімді және қамқор анасының арқасында қандай бақытты болғаны туралы әңгімеледі. Ол елорданың мәдени өмірі үшін «Астана Опера» Камералық залының аты аңызға айналған тұлға Күләш Байсейітованың есімімен аталуы үлкен қуа­ныш екенін атап өтті. Қызы анасының алғыс хаттарының бірнеше көшірмесін, сондай-ақ әншінің жеке мұрағатынан алынған фотосуретті театрдың арт-галереясына тапсырды. Айтулы оқиғаға орай театр фойесінде көрме өтті.


Камералық залда өскелең ұрпаққа арнал­ған түрлі бағдарламалар, соның ішінде жақында Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп құрылған «Театр сабағы» жобасы жүзеге асырылуда. 2019 жылдан бері Камералық залда «Piccolo ­театры» немесе «Шағын театр» жобасы таныс­тырылды, онда опера-буффаның екі тұсау­кесері сәтті өтті.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.