ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Шешім / Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шар...

Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды

Шешім 23.06.2021, 11:00 1,696
Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
Сурет.Gov.kz.
Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырдыҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға...

Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Премьер-Министрдің сайтына сілтеме жасап.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық волонтерлік желісінің директоры Татьяна Миронюк баяндама жасады.


Волонтерлік қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің маңызды формасына айналуда. Волонтер жылын өткізу нәтижесінде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге, белсенді еріктілер саны 4 есеге артты. Пандемия кезеңінде елімізде 950 мыңнан астам еріктілер гуманитарлық көмекті таратуда, мүмкіндігі шектеулі адамдармен, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуде және т.б көмек көрсетті. Өткен жылы құрылған волонтерлердің республикалық және 17 өңірлік фронт-офистерінің жұмысы жалғасуда. Осы жылдың І жартыжылдығында 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы аясында 528 млн теңге сомасына 40-тан астам жобаны іске асыру көзделген. «TALAP» орталығының бағалауынша, 2020 жылы волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан экономикалық үлесі 3,9 млрд теңгені құрады. Волонтерлік қызметтің ең көп үлесі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына 68%, абаттандыру және тазалық саласына 12% тиесілі.



«Біз еріктілер қозғалысының зор әлеуеті мен нақты пайдасын көрдік. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша биылғы жыл волонтерлік бастамалардың жалғасына айналды. Қоғамда өзара көмек пен қайырымдылық принциптерін одан әрі дамыту қажет», — деді Асқар Мамин.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп волонтерлік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын сапалы пысықтауды қамтамасыз ету және оны биылғы 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізу, сарапшылармен бірлесіп волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу және волонтерлікті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу тапсырылды. Премьер-Министр мемлекеттік органдарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, төтенше жағдайлардың салдарын жою және басқа да салаларда салалық волонтерлікке, оның ішінде цифрлық, онлайн-волонтерлік, эковолонтерлік үшін жағдай жасауды және жандандыруды тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне еріктілер қозғалысын ынталандыру шараларын күшейту, тұрақты мониторинг жасау жүйесін жолға қою және осы жылдың 1 тамызына дейін 2023 жылға дейінгі Өңірлік жол карталарын қабылдау тапсырылды. Үкімет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, Жалпыұлттық игі істер марафонын іске асыруға жұртшылықты кеңінен тарту қажеттігін атап өтті. Ақпарат министрлігіне мемлекеттік органдармен және Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, үздік волонтерлік тәжірибелерді белсенді түрде насихаттау және барлық деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.