AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Асқар Мамин Мәдениет пен білім беруді дамыту мәсел...

Асқар Мамин Мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері бойынша штаб отырысын өткізді

Билік 27.09.2021, 09:15 1,289
Асқар Мамин Мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері бойынша штаб отырысын өткізді
primeminister.kz

Асқар Мамин Nur Otan партиясы бағдарламасының 2021 жылға арналған нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды 


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға қарай 1500 мәдениет нысанын салу және жөндеу бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы баяндады.


Биыл 89 мәдениет нысанын салып, 211 нысанды жөндеу көзделген. Қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында танымал ету мақсатында Түркістан және Атырау облыстарындағы республикалық музей-қорықтардың аумақтарында «Ордабасы» және «Сарайшық» визит-орталықтарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Мәдениет нысандарын салу кестесін іске асыру бойынша жұмыс барысы туралы өңір әкімдері баяндады.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылатынын баяндады.


Биыл 1015 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын дамыту, қауіпсіз жағдайлар жасау сияқты бағыттар кіреді.


Бұл ретте мектептердің 80%-ында физика, химия және биология пәндері кабинеттері ашылады. Петропавл және Шымкент қалаларында базасында Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша озық өңірлік жоғары оқу орындары құрылатын университеттер айқындалды. Осылайша, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында қазіргі таңда Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі (Назарбаев Университетінің басқаруымен) және Технология және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі (АҚШ Аризона университетінің басқаруымен) құрылды.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында даярлаудың келесі бағыттары анықталды: химиялық инженерия және биотехнология, тоқыма және тамақ инженериясы, ақпараттық технологиялар және энергетика, сәулет, құрылыс және көлік.


Премьер-Министр Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру бойынша биылға белгіленген нысаналы индикаторлардың орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.



- Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруда жүйелі жұмысты жалғастыру қажет. Партияның халық алдындағы барлық міндеттемелері уақытылы орындалуы тиіс, — деді Асқар Мамин.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Nur Otan» #бағдарлама #Мамин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);