ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Асқар Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министріме...

Асқар Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті

Билік 11.06.2021, 10:52 1,619
Асқар Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті
Сурет: Primeminister.kz
Келіссөз қорытындысы бойынша, көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақтастықты көздейтін ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.

Келіссөз қорытындысы бойынша, көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақтастықты көздейтін ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Кездесуге БАӘ-нің ірі бизнестері — «Al Dahra Holding», «DP World», «Fish Farm» және т. б. өкілдері қатысты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.


ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. 2021 жылдың 4 айында ҚР мен БАӘ арасындағы өзара тауар айналымы $276 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,1%-ға артық. Қазақстаннан БАӘ-ге экспорт көлемі 38,7%-ға артып, $247,8 млн жетті. 2020 жылы қаржы және капитал нарықтарының бұрын-соңды болмаған қысқаруына қарамастан, БАӘ-ден Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,3%-ға артып, $181,7 млн құрады.



ҚР Премьер-Министрі БАӘ Үкіметінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын ескере отырып, ынтымақтастықтың басым бағыты АӨК саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру екенін атап өтті. Үкімет басшысы Қазақстан әлемдегі ең перспективалы АӨК өнімдерін өндірушілердің бірі екенін атап өтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша the Economist Intelligence Unit рейтингінде Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды алып, 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты. 



ҚР мен БАӘ бірлескен инвестициялық жобалары қосылған құны жоғары, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінде зор сұраныс әлеуеті бар жаңа өндірістерді құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен іс-тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚР БАӘ жүзеге асырып жатқан 2051 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігі Стратегиясының маңызды буынына айналады, ал бұл екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ықпал етеді.


БАӘ делегациясының ҚР-ға сапары нәтижесінде құс фабрикаларын («Alel Agro» және «Al Dahra Holding»), сүт-тауар фермаларын («Dinara Group» және «Al Dahra Holding») салу, сиыр және қой етін өндіру («Nurym Group» және «Al Dahra Holding»), жемістерді өндіру және қайта өңдеу («Amal Bio» және «Al Dahra Holding»), балық өсіру және қайта өңдеу («Fish Farm»), астық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу («Olzha Agro» және «Al Dahra Holding») тәрізді бағыттар бойынша жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Келіссөз қорытындысы бойынша, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «DP World» компаниясы арасында Қазақстанның жүк ағынын арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақтастықты көздейтін ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.



Кездесуге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Қазақстанның тікелей инвестициялар қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР-ның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков және т.б қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.