AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әскерилер аударыспақтан Қазақстан чемпионатында бе...

Әскерилер аударыспақтан Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Спорт 13.11.2024, 10:39 987
Әскерилер аударыспақтан Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Сурет: Gov.kz

Шымкентте ұлттық спорт түрі – аударыспақтан өткен жарыста Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары екі алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

Чемпионатқа еліміздің 120-дан астам үздік спортшылары жиналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Аударыспақ – спортшыдан үлкен ептілік пен күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатыса алады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.

Жарыс қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшылары Азамат Сарғазин (62 кг) және Алмаз Ләтіпбек (74 кг) жеңімпаз атанды. Күміс медальға Арман Сағымбаев (100 кг) және Рамазан Ғалел (87 кг), қола медальға Шыңғыс Ержанов (74 кг) ие болды.

Армия спортшыларының бұл жетістігі шеберліктің жоғары деңгейін, олардың ежелгі ұлттық дәстүрлерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерилер #аударыспақ #бес медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);