AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери-теңіз күштері: 32 жыл еліміздің теңіз шебін...

Әскери-теңіз күштері: 32 жыл еліміздің теңіз шебінің сенімді күзетінде

Әлеумет 02.04.2025, 16:13 1,144
Әскери-теңіз күштері: 32 жыл еліміздің теңіз шебінің сенімді күзетінде
Сурет: Gov.kz

1993 жылдың екінші сәуірі – Қазақстанның әскери теңізшілері үшін ерекше күн. Бұл күні Қазақстан Президентінің Жарлығымен Әскери-теңіз күштері құрылды.

Қарулы күштердің бұл түрі қалыптасу мен дамудың түрлі күрделі әрі даңқты кезеңінен өтті. Бүгінгі таңда елдің Әскери-теңіз күштері - мемлекеттің теңіздегі қуаты, сенімді әрі  жоғары технологиялық құрамдас бөлігі. 

Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттарын, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын күзету міндеттерін орындайды.

Әскери-теңіз күштері заманауи зымыран-артиллериямен, мина тартқыш корабльдермен, гидрографиялық кемелермен және десанттық катерлермен жабдықталған. Өткен жылы отандық десанттық «Шапшаң» қайығы іске қосылды. Жылдам жүзетін қайық теңізде операциялар жүргізуге, жағалауға десант түсіруге, оларды атыспен қолдауға, медициналық эвакуациялауға және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған.

Корабльдер экипаждарын шетелдегі жетекші әскери оқу орындарында оқыған офицерлер басқарады. Былтыр әскери теңізшілер Италия мен Түркия әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінде тағылымдамадан өтті. Оларға Үндістанда, Түркияда, Пәкістанда және Оңтүстік Кореяда тілдік курстар ұйымдастырылды.

Әскери теңізшілер өздерінің кәсіби шеберлігі мен әскери-теңіз дағдыларын «Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуында, республикалық оқу-жаттығуларда және Каспий теңізі бойынша жиын-жорықтарда айқын дәлелдеп жүр.

Жауынгерлік әзірлікті нығайту, теңіз машығын жетілдіру және озық технологияларды меңгеру міндеттерін орындай жүріп, әскери теңізшілер кәсіби деңгейін, жауынгерлік даярлықты, берік рухты және өз істеріне адалдықты көрсетуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери-теңіз күштері #күзет #2 сәуір #атаулы күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);