AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әскери қызметтегі сарбаздар запасқа шығарылады

Әскери қызметтегі сарбаздар запасқа шығарылады

Өмір-өзен 28.03.2022, 13:46 1,950
Әскери қызметтегі сарбаздар запасқа шығарылады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 наурызында қол қойған болатын.


Барлық гарнизондарда әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген 6 000-нан астам әскери қызметшіні запасқа шығару басталды. Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарған сарбаздарға командирлері алғыс айтып, үйлеріне салтанатты түрде шығарып салып жатыр.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көптеген әскерилер әскерде экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандықтарын меңгерді. Запасқа шығарылатын сарбаздардың көбі 2022 жылдың қаңтарында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шараларына тартылды.


Әскери бөлімдердің командирлері атап өткендей, бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі сарбаздар шынығып, әскери мамандықтарды меңгерді. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мұны бірнеше мәрте іс жүзінде көрсете білді.


Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны және қызметтегі жетістіктері үшін ерекшеленген әскери қызметшілер алғыс хаттармен, грамоталармен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туының жанында түскен фотосуреттермен марапатталды.


Запасқа шығарылғаннан кейін сарбаздар әскери-оқытылған резерв ретінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында есепке қойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #қызмет #запас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);