ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Әскери қызметшілер ауған жауынгерлерін еске алды

Әскери қызметшілер ауған жауынгерлерін еске алды

Өмір-өзен 15.02.2022, 11:41 1,627
Әскери қызметшілер ауған жауынгерлерін еске алды
Сурет: Gov.kz
Кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауғанстаннан 1989 жылдың 15 ақпанында шықты.

Кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауғанстаннан 1989 жылдың 15 ақпанында шықты.


Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Интернационалист жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Ауғанстандағы ұрыс іс-қимылдарына қатысқан ардагерлермен әскери қызметшілердің кездесулері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында ерлік сабақтары ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагерлері патриотизмнің, Отанға адал қызмет етудің және әскери борышты орындауға әзір болудың маңызды екенін айтты», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ауған жауынгерлеріне арнап көрме мен концерт ұйымдастырылды. 


Кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауғанстаннан 1989 жылдың 15 ақпанында шықты. Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар өздерінің әскери борыштарын абыроймен атқарып, қазіргі әскери қызметшілер үшін батырлықтың, ерліктің үлгісі болып табылады.


Ресми статистикаға сүйенсек, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына 22 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Олардың 900-ден астамы қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті. Атап өтсек, 4 300-ден астам қазақстандық жауынгер ордендермен және медальдармен марапатталды, олардың алтауы Кеңес Одағының Батыры, біреуі Халық Қаһарманы атағын алды.


Бүгінде елімізде 15 мыңнан астам интернационалист-жауынгер тұрады. Көбі елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысына атсалысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.