Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскери қызметші орнатқан рекорд

Әскери қызметші орнатқан рекорд

Әлеумет 24.03.2023, 11:02 891
Әскери қызметші орнатқан рекорд
Сурет: ашық дереккөз

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл - полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан. Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңі – көктем меркесіне арналған шараға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. Екі ведомствоның басшылары спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады. Палуанға Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.




– Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысымен шықты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.



Палуан жаңа рекордты жасамас бұрын үш ай дайындалған. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика. Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Айта кету керек, шара барысында Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің өнерпаздары қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар әскерилердің арасында гір тасын көтеріп, АК-74 автоматын шашып-жинаумен жұртты таңғалдырғандар да болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рекорд #жауынгерлік #тік ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.