ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Әскери психолог жұмысының ерекшелігін айтып берді

Әскери психолог жұмысының ерекшелігін айтып берді

Мұны білген жөн 25.12.2025, 14:03 347
Әскери психолог жұмысының ерекшелігін айтып берді
ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Бүгін – психологтардың кәсіби мерекесі. Бұл күн адам жанының саулығын сақтауға, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалауға арналған. Аталған сала...

Бүгін – психологтардың кәсіби мерекесі. Бұл күн адам жанының саулығын сақтауға, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалауға арналған. Аталған сала өкілдерімен қатар, әскери ортада қызмет ететін психологтардың рөлі де ерекше. Олар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын қамтамасыз етіп, қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына ықпал етеді.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқаратын подполковник Альмира Құрманәлиева – осы бағыттағы кәсіби мамандардың бірі. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы әскери қызметте жүріп, психологиялық қамтамасыз ету саласында мол тәжірибе жинақтаған офицер.

Әскердегі психологтың қызметі жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын сақтауға, ұжымдағы өзара сенімді нығайтуға және әскери қызметшілердің стреске төзімділігін арттыруға бағытталған. Жүйелі түрде жүргізілетін психологиялық жұмыстар жауынгерлік даярлықтың деңгейіне және қызметтік міндеттердің тиімді орындалуына тікелей әсер етеді.

Өз қызметі туралы Альмира Бірлікқызы:

"Біздің негізгі міндетіміз – әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын арттыру, стреске төзімділігін қалыптастыру, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту. Жеке әңгімелер мен топтық тренингтер арқылы эмоционалдық жағдайды бақылап, психологиялық қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, жауынгерлік қызметтен кейінгі бейімделу, оңалту жұмыстары мен отбасы мәселелері бойынша кеңес беру де қызметіміздің маңызды бөлігі. Әскерде тәртіп пен жауапкершілік бірінші орында, ал Ұлттық ұланда қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе", – дейді ол.

Альмира Құрманәлиева әскери қызмет жолын 22 жасында бастаған. Алғашында 7552 әскери бөлімінде аудармашы болып еңбек етіп, кейін Алматы құрамасының басқармасына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман ретінде ауыстырылды. Қызметін жалғастыра жүріп, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында психология мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Әскери психология саласы енді қалыптасып жатқан кезеңде ол жаңа бағыттағы қызметті үлкен жауапкершілікпен игеріп, кәсіби тұрғыда қалыптасты.

Бүгінде подполковник Альмира Құрманәлиева өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарып, жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге тұрақты үлес қосып келеді. Оның қызмет жолы кәсібилікке, жауапкершілікке және әскери борышқа адалдыққа негізделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.