Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскери полиция органдарының өкілеттігі кеңейеді

Әскери полиция органдарының өкілеттігі кеңейеді

Әлеумет 14.12.2022, 09:39 978
Әскери полиция органдарының өкілеттігі кеңейеді
Сурет: Qamshy.kz

Мәжілістің жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.


Қазақстанның қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға байланысты әскери полицияның өкілеттіктерін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жалпы отырыста заң жобасын Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов таныстырды.



«Бірыңғай қолдану және түсіндіру үшін «қызметкер» термині «әскери қызметші» терминімен ауыстырылды. Әскери полицияның саяси партиялардың қызметіне тәуелсіздік принципі қосылды. Қару мен арнайы физикалық әсер ету құралдарын қолдану реттелді», - деді Сұлтан Камалетдинов.



Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның әскери полиция органдарының мәртебесін, құзыретін, қызметін ұйымдастыруды және тәртібін айқындауға бағытталған. Заң жобасында әскери полицияға әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ведомстволық бақылау функциясын беру де қарастырылған. Әскери полиция қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау және кадр мәселесі бойынша толықтырулар енгізілуде, әскери полиция органдарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы тарауы кеңейтілді.


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» заңға Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне әскери жоспарлау жүйесін бекіту және дамыту өкілеттіктерін беру мақсатында өзгерістер енгізілуде.


Заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери полиция #Заң жобасы #өкілеттік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.