ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Әскери музыка байқауының Бас жүлдегері белгілі бол...

Әскери музыка байқауының Бас жүлдегері белгілі болды

Мәдениет 20.12.2023, 13:16 1,269
Әскери музыка байқауының Бас жүлдегері белгілі болды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің жүлдесіне арналған республикалық әскери музыка байқауының нәтижесі жарияланды.

ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің жүлдесіне арналған республикалық әскери музыка байқауының нәтижесі жарияланды.


Өңірлердегі үміткерлерге іс-шараға онлайн форматта қатысу мүмкіндігі берілді. Байқауға барлығы 80-нен астам өтінім келіп түсті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов қазылар алқасына атқарылған кәсіби жұмысы, ал байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әскери музыкалық шығармашылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов төрағалық еткен қазылар алқасы «Әскери би» әуені үшін Қорғаныс министрінің бас жүлдесін Нұрлыбек Амановқа табыс етті.


«Әскери үрмелі оркестрлерге арналған аспаптық музыка» номинациясы бойынша Нұрлан Кучкаров «Сарбаздар маршы» әуенімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Айбын» маршымен Никита Почиталин иеленді. Үшінші орын Бейбіт Оралұлының «Жас ұландар маршына» берілді. Бұл номинация бойынша «Мәншүк» маршымен Олег Файхнер дипломант атанды.


«Әскери-патриоттық ән» номинациясы бойынша Әліби Әбдінұров пен Әбдірахман Мамашұлының «Әскери марш» шығармасы үздік деп танылды. Екінші орын «Қарулы күш – қорғаным» әні үшін Қайыржан Бердібай мен Талант Арғынғалиге берілді. Айсұлу Тани мен Арасанбай Естеновтың «Сарбаздар мен бас сардар» әні үшінші орынды иелненді. Жанел Бекетанов пен Қыдыржан Бибатшаев «Шығыс ұландары», Бейбіт Оралұлы мен Ақылбай Құлымшин «Алға сарбаздар», Қуаныш Кисметов пен Естай Рашқалиев «Қазақстан сарбаздары», Әскербек Құрманаев «Сержанттар – серілерім» әндерімен дипломант атанды.


«Би топтарына арналған музыкалық шығармалар» номинациясы бойынша қазылар алқасы Шолпан Қорғанбектің «Қасиетті ел» шығармасын үздік деп таныды. Екінші орында  Олег Файхнердің «Томирис», үшінші орында Сәуле Боранбаеваның «Алға» композициялары. Никита Почиталин бұл номинацияда «Вальс фантазиясы» әуенімен дипломант атанды.


Байқауды қорытындылаған қазылар алқасының төрағасы Төлеген Мұхамеджанов жанрлық әртүрлілік пен ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтті.


Байқаудың жүлде қоры алты миллион теңгеден асқанын атап өткен жөн. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар тапсырылды. Бас жүлде үшін сыйақы миллион теңгені құрады.


Іс-шара барысында бірқатар байқау жеңімпаздарының, жүлдегерлері мен дипломанттарының шығармалары орындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.