ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскери мамандар мемлекеттік шекараны бірлесіп күзе...

Әскери мамандар мемлекеттік шекараны бірлесіп күзету мәселелерін пысықтады

Әлеумет 08.04.2022, 11:57 1,282
Әскери мамандар мемлекеттік шекараны бірлесіп күзету мәселелерін пысықтады
Сурет: Gov.kz
Iс-қимылдарының бірыңғай тұжырымын әзірлеу үшін қажет.

Iс-қимылдарының бірыңғай тұжырымын әзірлеу үшін қажет.


Қазақстан әскерилері арнайы өтіп жатқан оқу-жаттығу аясында мемлекеттік шекараны бірлесіп күзету мәселелерін пысықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



««Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Қорғаныс министрлігінің құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекара күзетін күшейту тапсырмаларын орындады», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Оқу-жаттығудың басталғаны жөнінде дабылды қабылдап алған «Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының шекара маңындағы аудандарына жауынгерлік техникамен марш жасап, ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік бөлімшелерінің жедел бағынысына өтті.



- «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық оқу-жаттығуын өткізу кезеңінде Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мәселелері пысықталды, – деп түсіндіріп өтті Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша шекара басқармасының бөлім бастығы подполковник Бақытжан Айсағалиев. – Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шекараны бірлесіп қорғау іс-қимылдарының бірыңғай тұжырымын әзірлеу үшін қажет.



Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері нарядтар құрамында кезекшілік атқарып, тосқауыл бекеттерін орнатты және бақылау-іздестіру жұмыстарын жүргізді.  


Бөлімше командирлері қарулы және қарусыз арандатуларға жедел ден қою, шекарадан жекелей және топтасып өту амалдарының жолын кесу, сондай-ақ заңсыз қаруланған құрамалардың көзін жою сияқты бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырып, іс жүзінде машықтанды.


«Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығу шеңберінде мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту шаралары - Мемлекет басшысының күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бағдарламасының бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.