AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әскери жоғары оқу орнында сарбаздар білім гранттар...

Әскери жоғары оқу орнында сарбаздар білім гранттарына ие болды

Білім және ғылым 15.11.2025, 16:08 474 dulatbekova
Әскери жоғары оқу орнында сарбаздар білім гранттарына ие болды
Сурет: Gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әскери жоғары оқу орнының күзгі шақырылымдағы қарауыл ротасының жауынгерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, қызметтерін лайықты деңгейде аяқтады.

Олардың еңбегі еленіп, әрбір сарбазға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жыл ішінде қызметімен ерекшеленген әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар берілді.

Бұл шақырылымда жауынгерлік және кәсіби даярлықта жоғары нәтижелер көрсеткен алты сарбаз білім гранттарына ие болды. Оның бесеуі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында білімін жалғастырса, біреуі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсетін болды. Сонымен қатар төрт сарбаз Қарулы күштер қатарында келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруға шешім қабылдады.

– Қызмет мен үшін маңызды өмірлік белес болды. Ол маған азаматтық борышымды өтеуге мүмкіндік беріп, жоғары оқу орнына жол ашты. Қолдау көрсеткені және өсуге жағдай жасағаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғыс айтамын, – деді мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Диляр Зияудинов.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты қарауыл ротасы құрылғаннан бері мерзімді қызметтегі он төрт сарбаз білім грантына ие болды. Он бесі Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына оқуға түскен, ал бесеуі келісімшарт бойынша қызметін жалғастырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім гранты #әскери жоғары оқу орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);