ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Әскери челлендж – батырлар ұрпағының мықтылығы сын...

Әскери челлендж – батырлар ұрпағының мықтылығы сыналды

Спорт 17.04.2023, 21:37 1,284
Әскери челлендж – батырлар ұрпағының мықтылығы сыналды
Сурет: Министрлік
Әскери қызметші бір жарым пұттық гір тасын 103 рет көтерді

Әскери қызметші бір жарым пұттық гір тасын 103 рет көтерді


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы, полковник Руслан Құлымбетовтің ұсынысымен "Қуатты Армия – Жаңа Қазақстан" челленджі елордада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бас әскери полиция басшысының спорттық бастамасы қазақ батырларын жас ұрпаққа үлгі етіп, тәрбиелеуге бағытталған.



"Қазақтың кең байтақ жері әлем бойынша 9-шы орында. Ата-бабамыз бұл жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған. Сондықтан біз қарамағымыздағылардың мықтылығын тексеруді жөн көрдік", – деді ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы. 



Полковник Руслан Құлымбетовтың бастамасы ең шалғай гарнизондарда жалғасын тапты. Ақмола, Қарағанды, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе өңірлік гарнизондарының әскери полиция басқармалары, Қонаев, Талдықорған, Семей, Аягөз, Өскемен және Үшарал қалаларының әскери полиция бөлімдері арқылы өткен 24 келілік гір тасы елордаға жетті.


Жарыстың соңғы кезеңі Қорғаныс министрлігінің Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағында өтті. Бірінші рекорд Ақтауда тіркелгенін айта кетейік. Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери полиция бөлімінің әскери қызметшісі бір жарым пұттық гір тасын 103 рет көтерді.


Бұл нәтижені Астанада жедел әрекет ету бөлімінің аға маманы 3-сыныпты сержант Қуат Аязбаев жаңартты. Ол ешқашан кәсіби түрде гір тасын көтеру спортымен айналыспағанын айтты.



"Біз, әскери қызметшілер, ұдайы түрде дене шынықтырып, спортпен шұғылдануымыз керек. Күнделікті жаттығулардың арқасында мен бүгін осындай нәтижеге қол жеткіздім", – деді Қуат Аязбаев.



Рекордты жаңартқан жігіт, әскерде борышын өтеген соң армияда келісімшарт бойынша қалып, 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.