Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскери борышын өтеген алматылықтар жоғары оқу орын...

Әскери борышын өтеген алматылықтар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе алады

Әлеумет 12.05.2023, 08:55 1,528
Әскери борышын өтеген алматылықтар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе алады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Алмалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Айдар Мүсірепов, ӨКҚ алаңында мерзімді қызмет сарбаздары үшін жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі көктемгі әскерге шақыру және жеңілдіктер туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  


Шақырту 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда Алматыдан 760 әскерге шақырылушы әскери қызметшілер қатарын толықтырды.



"Әскери қызмет туралы“ заң мен ҚР Президентінің Жарлығы негізінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі. Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке кейінге қалдыруға құқығы жоқ 3000 адам әскерге шақырылады. Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздар шақыру тізіміне кірмейді. Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызмет өткеретін 760 адам әскерге шақырылды", - деді спикер.    



Спикердің мәліметінше, әскери қызметшілер үшін Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктерге бастама жасаған. Олар әскери қызмет өткерген және орта мектепті бітіргені туралы аттестаты немесе техникалық, кәсіптік, орта немесе жоғары білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар адамдарға қатысты.


Қызметін аяқтаған сарбаздар ақылы негізде ҰБТ-ны есептемегенде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесіне түсу құқығына ие болады. Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген қосалқы (запасқа шығарылған) үлгілі жауынгерлерге ҰБТ-сыз, сонымен қатар ЖОО есебінен де оқу құқығы беріледі.



"Оқуға түсу кезінде әскери кафедра емтихансыз тегін білім ала алады. Іріктеу мерзімді әскери қызмет атқарған және қызмет барысында жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер қатарынан өткізіледі", - деп толықтырды.



Жастарға жеңілдіктер алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін қоса отырып, ЖОО-ға құжаттардың тізімін ұсыну жеткілікті.


Бүгінде еліміз бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл бастамаға 70-ке жуық ЖОО қосылды, олардың ішінде:


- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ).
- Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ).
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ("Қазұазу"КЕАҚ).
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ).
- Логистика және көлік академиясы (ЛжКА).
- Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚМУ).
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ).
- Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ).
-Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ).
- Досмұхамедов атындағы Атырау университеті " (АтУ).
- Торайғыров университеті (ToU).
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және тағы басқалары. 


Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Айдар Мүсірепов жастардың әскерге деген қызығушылығын қалай оятатынын айтты. Белгілі болғандай, қолданылатын шаралар өте ауқымды. Мысалы, несиесі бар мерзімді қызмет сарбаздары "несиелік демалыс" деп аталатын үзіліс алады, қызмет ету мерзімі барысында төлеу кейінге қалдырылады. Жаңа жоба Қорғаныс министрлігінде бастау алды. Бұл, ведомствоның пікірінше, мерзімді әскери қызмет өткерудің беделін арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.