Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскери бөлімдерде ақылды камера орнатылады

Әскери бөлімдерде ақылды камера орнатылады

Әлеумет 09.10.2024, 17:38 1,034
Әскери бөлімдерде ақылды камера орнатылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери бөлімдерде ақылды бейгекамералар орнатылатынын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның сөзінше, бұған дейін камералардың аналитика жасайтын функциясы болмаған. Енді бірнеше адам топ болып жиналса, сигнал беретін болады.

"Әскери бөлімдерде бұған дейін де бейнекамаралмен қамтылды. Бірақ бұл жерде бірнеше мәселе бар. Біріншіден, бұл бейнекамералар аналитикасыз жұмыс істейтін еді. Яғни болып жатқан суретті экранға жібереді, басқа функциясы жоқ. Біз қазір ақпараттық жүйені енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 

Енді біз ақылды бейнекамара орнатуды қарастырып жатырмыз, бұл камераларда жасанды интеллект элементтері бар. Кім әскери бөлімге кірді, қашан кірді, кім шықты бәрін бақылап, ақпарат беріп тұрады. Сондай-ақ жауапты адамдар орнын тастап кететін болса, сигнал береді. Дүниежүзінде қандай аналитика бар, соны енгіземіз деп жоспарлап отырмыз", - деді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, әскери бөлімдерде тұрған камералар 10 жылдан астам жұмыс істеп тұр. Оларды ауыстыратын уақыт келді.

"Камералар аналогты және цифрлы болып бөлінеді. Аналогты камералар 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп жатыр. Оларды ауыстыратын уақыт келді. Сондай-ақ камераларға қанша ақша жұмсалатынын дөп басып айта алмаймын. Әр әскери бөлім өзі анықтайды. Ол камералардың жағдайына байланысты. Тұрған камера цифрлы болса, ауыстырмайды, аналогты болса, ауыстырылады",- деді ол. 

Вице-министр ақпараттық жүйелерге қанша жұмсалуы мүмкін екенін айтты. 

"IT-компаниялардың бірінің берген ұсынысы бойынша, 400 миллион теңге", - деді вице-министр. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#камера #ақылды камера #әскери бөлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.