AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери ант – ерлік үні

Әскери ант – ерлік үні

Әлеумет 01.05.2025, 15:41 1,044
Әскери ант – ерлік үні
ҰҚК Шекара қызметі

Биылғы Ант қабылдау рәсімі бүкіл ел болып ұлықтап жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен қатар келіп отыр. Сондықтан көктем айында шекарашылар сапына алынған жас сарбаздар үшін бүгінгі шараның маңызы ерекше.

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің оқу базасында өткен рәсімде 500-ге жуық жас сарбаз Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде серт берді. «Сарбаз болдым, мінеки» демекші, осы сәттен бастап Отан қорғаушылардың қатарына қосылған жас сарбаздардың өміріндегі ең сәулелі кезеңге куә болу үшін алыстан ата-аналары, туған-туыстары мен достары арнайы келді. Атап өтерлігі, сап түзеген сарбаздар еліміздің барлық өңірлерінен әскерге шақырылған.

Шараға «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумының төрағасы, отставкадағы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков, Шекара қызметінің ардагері, әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдар академиясының академигі, отставкадағы генерал-майор Шынтас Өтепов, сондай-ақ Наурызбай ауданының құзырлы органдарының өкілдері қатысты.

Еліміздің Мемлекеттік Әнұраны шырқалғаннан кейін Ант қабылдау рәсімі басталды. Сарбаздардың біркелкі жүрістері мен қимылдары олардың әскери тәртіпке бой үйретіп, темірдей тәртіпке қалыптасып үлгергенін аңғартты.

Сарбаздар департамент бастығы, полковник Әлібек Амангелдіұлы Каюпов пен ардагер сардарлардың алдында ант берді. Рәсімнің келесі бөлімінде – нағыз шекарашыға айналған сарбаздарды құттықтау сәті өтті. Қонақтар жас сарбаздарға алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Шара барысында полковник Әлібек Каюпов «Срочник 2.0» бағдарламасы аясында «Көктем–2024» шақырылымында үздік шыққан жеті сарбазға сертификат табыстады. Бұл құжаттар сарбаздардың өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсулеріне мүмкіндік береді. Полковник олардың Отан алдындағы қызметіне алғыс білдірді.

Шекарашылардың кез келген шарасы департаменттің сайыпқырандары қатысатын ерекше көріністермен жалғасатыны белгілі. Бұл жолы да олар қоян-қолтық ұрыстың және шекара бұзушыны құрықтау тәсілдерінің әдіс-амалдарын көпшілікке шебер көрсетті. Сонымен қатар, Шекара қызметі Қызметтік кинология басқармасының мамандары ұлттық мақтанышымызға айналған тазы мен төбетті ортаға шығарып, олардың ерекше дайындығын паш етті.

Сондай-ақ, жиналған жұрт сарбаздардың ата-аналары мен бауырлары алдында сап түзеп өткен атбегілер мен олардың қызмет аттарының өнерін тамашалады.

Шара соңында департаменттің жауапты тұлғалары ата-аналармен жүздесіп, көпшілікті мазалаған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #ант #ерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);