ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны басталд...

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны басталды

Өмір-өзен 24.01.2022, 10:40 1,730
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны басталды
Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Есепке алудың алғашқы рәсімін жергілікті әскери басқару органдары жүргізеді.

Есепке алудың алғашқы рәсімін жергілікті әскери басқару органдары жүргізеді.


Алдын ала әскерге шақыру учаскелеріне 17 жастағы 100 мыңнан астам жасөспірім тіркеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскерге шақыру пунктеріне келуге 2005 жылы туған жасөспірімдер шақыру қағазын алады. Олар барлық қажетті құжаттармен жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтарды тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссиялар құрылды. Тіркеу барысында болашақ әскерге шақырылушылардың саны, әскери қызметке жарамдылық санаты, дене даярлығының деңгейі айқындалады. Денсаулық жағдайы ерекше бақылауға алынады. Әрбір жас азамат міндетті медициналық тексеруден өтеді. Жасөспірімдерде қандай да бір сырқат анықталған жағдайда, олар тиісті емделу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеледі. Барлық рәсімдерден өткеннен кейін әскерге шақыру жасына дейінгілерге әскери есепке қою туралы тіркеу куәлік беріледі.




«Тіркеу куәлігі – әскери билет сияқты маңызды құжат. Бұл жас адам қызметке шақырылғанға немесе запасқа шығарылғанға дейін жарамды. Әскери есептен шығарылғаннан кейін және әскери билетті алғаннан кейін тіркеу куәлігі алынып, оны жергілікті әскери басқару органына жоюға беріледі», – деп түсіндірді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов.



Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен перспективалары, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің және алыс-жақын шетелдердің әскери оқу орындарына түсу ережелері жөнінде ақпарат беріледі. Естеріңізге сала кетсек, республикада әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу - жыл сайын қаңтар мен наурыз аралығында жүргізілетін міндетті рәсім.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.