Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұс...

Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады

Әлеумет 27.07.2023, 11:20 1,245
Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады
Сурет: ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді. Сонымен қатар, әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз», - деп түсіндірді Дархан Ахмедиев ОКҚ- өткен брифингінде.



Яғни, мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электрондық нұсқада көрсетіледі. Министрдің орынбасары атап өткендей, қазір бұл ұсынысты іске асыру үшін қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.


Сондай-ақ, спикер 17 жастағы балаларды автоматты түрге әскери есепке қоюдан 1 млрд теңге үнемделетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #билет #цифрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.