ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскерге барған жастардың несиесі кейінге қалдырыла...

Әскерге барған жастардың несиесі кейінге қалдырылатын болады

Әлеумет 09.02.2022, 10:01 1,828
Әскерге барған жастардың несиесі кейінге қалдырылатын болады
Сурет: Desantura.ru
Білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады.

Білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады.


Қазақстандық әскерилер  мерзімді қызметтегі сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуге дайындық жалғасуда. Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың әскери қызмет деген ынтасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде бірқатар ұсыныстар әзірледі»,- делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Мамандардың айтуынша, аталмыш өзгерістер әскерге шақыру жасындағы жастар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға арналған.



«Атап айтқанда, әскери қызметшілердің мерзімді әскери борышын өтеу кезеңінде олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беру ұсынылады. Қорғаныс министрлігі ұсынып отырған мерзімді әскери қызмет кезеңінде несиені кейінге қалдыру жас қазақстандықтар үшін қосымша қолдау болмақ. Әскери ведомство басқа да, оның ішінде білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады», - делінген хабарламада.



Сонымен қатар мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, сарбаздар борышын өтеген кезеңде экономиканың нақты секторында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды алу жөніндегі тапсырмасы да іске асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,311 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.