Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әз...

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленді

Әлеумет 20.09.2022, 08:26 1,299
Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленді
Сурет: Halyq-uni.kz

Министрлік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстанатынын айтты.


Әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қазақ болуын азайту мақсатында Қорғаныс министрлігі «Өміріңді сақта» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға cілтеме жасап.


Бұған Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев, Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, полковник Төлеужан Жүнісов, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов қатысты.


Жиын барысында олар әскери қызметшілер арасындағы орын алатын оқиғалардың негізгі себептері мен бағдарламаны іске асырудың едәуір тиімді жолдарын түсіндірді.



«Бағдарламаның мазмұны тәжірибеде қолдануға барынша ыңғайлы. Ақпараттық-имидждік блоктан бастап, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери инфрақұрылым объектілерін жетілдіру жөніндегі жұмыстардан заң шығару қызметіне дейінгі алдын алу бағыттарының барлық кешенін қамтыдық. Қазіргі әскер – ашық әлеуметтік институт. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстанамыз», - деді генерал-майор Серік Борамбаев.



Әскерлерде қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып, мерзімді қызметтегі сарбаздардың туыстары және жақындарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін кеңейту шаралары да қабылданып жатыр.



«Біз «Өміріңді сақта» бағдарламасы бойынша жұмыстың бес негізгі бағытын айқындадық. Мерзімді қызметкерлер арасында проблемалық мәселелерді шешу, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді полковник Төлеужан Жүнісов.



Жаңа құжат Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығымен бекітілді.


2022-2025 жылдарға арналған «Өміріңді сақта» бағдарламасы үш кезеңде жүзеге асырылатын болады.


Оның нәтижелері 2026 жылғы қаңтарда Қорғаныс министрлігінің бірлескен алқа отырысында шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #бағдарлама #өлім-жітімді азайту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.