AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскер қатары толықты

Әскер қатары толықты

Әлеумет 22.12.2024, 10:36 1,453
Әскер қатары толықты
РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мерзімді әскери қызметке шақырылған 130-ға жуық сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның ішінде елу сарбаз осы институттың күзет ротасында әскери борыштарын өтесе, қалғандары ақпан айында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әртүрлі әскери бөлімдеріне жөнелтілмек. Оған дейін жас жауынгерлер кіші мамандық бойынша даярлық курсынан өтеді.

Бұл азаматтар әскер қатарына Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарынан және Алматы қаласынан шақырылған. Ант қабылдау күніне дейін олар жас жауынгерлер курсынан сәтті өтіп, саптық дайындықты меңгерді, әскери жарғыларды оқып, қаруды қолдану дағдыларын үйренді.

– Отан алдындағы борышымды өтеймін деп өзім шешім қабылдадым. Себебі әр жігіт бұл жолдан өтуі керек деп санаймын. Әскер бізді шыңдайды, мінезімізді қалыптастырады, бұл менің болашақта нағыз тұлға болып қалыптасуыма өз септігін тигізетініне сенемін, – деп атап өтиі Алматы қаласынан шақырылған мерзімді әскери қызметші Мәди Зәкір.

 

Салтанатты шара сарбаздардың әскери қолма-қол ұрыс техникасын көрсетіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде сап түзеп өтуімен аяқталды. Бұл сәт ата-аналары мен туыстарына балалары үшін зор мақтаныш пен қуаныш сезімін сыйлады, көңілдерін босатты.

     Әскери ант қабылдау рәсімінен кейін туыс-туғандары үшін институттың оқу орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар казарма, асхана және басқа да нысандарды аралап, командирлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған жауап алды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #ант #адалдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);