Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әшімбаев: Бұл – мейірімнің, әдеміліктің және нәзік...

Әшімбаев: Бұл – мейірімнің, әдеміліктің және нәзіктіктің мерекесі

Әлеумет 08.03.2023, 11:27 987
Әшімбаев: Бұл – мейірімнің, әдеміліктің және нәзіктіктің мерекесі
Сурет: ашық дереккөз

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.




Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – мейірімнің, әдеміліктің және нәзіктіктің мерекесі. Сондықтан дәл осы күні аналарымызға құрмет көрсетіп, аруларымыз бен қыздарымызды құттықтауға асығамыз, - деп жазды Сенат төрағасы Facebook парақшасында.



Мәулен Әшімбаев елдің ырыс-ынтымағын еселеу жолында бүгінгідей шуақты мерекенің маңызы зор екенін айтты.



Өйткені дәл осы күні ізгілік, сыйластық, сүйіспеншілік сияқты дұрыс құндылықтар дәріптеледі. Шын мәнінде, мемлекеттің ілгері жылжып, еңсе тіктеуінде әйелдер қауымының алар орны ерекше. Тарихымызда даналығымен танылған аналарымыздың өмір жолы - соның айқын дәлелі. Қазіргі таңда да сіздер отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы ретінде барлық салада табысты еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып келесіздер. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан Әділетті Қазақстан құру жолында да әйелдердің ақыл-парасаты мен ерік-жігері маңызды рөл атқарады. Бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін! Әрдайым көктемдей құлпырып жүре беріңіздер. Мереке құтты болсын! - деді Әшімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйел #мереке #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.