конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Асхат Аймағамбетов: Оқушылардың асық ойнап жатқаны...

Асхат Аймағамбетов: Оқушылардың асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым

Әлеумет 15.10.2021, 16:02 1,306
Асхат Аймағамбетов: Оқушылардың асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым
newsroom.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде Ұлттық мектеп спорт лигасының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады.


Министрдің айтуынша, биыл Ұлттық лига 8 спорт түрінен емес, 10 спорт түрінен өтеді. Лига шеңберінде ұйымдастырылатын жарыстар алдымен мектептерде, аудан және облыста, кейін республика деңгейінде өтеді.



«Мұндай іс-шаралар балаларымызды спортпен айналысуға ынталандыру, соның ішінде қазақ халқының асық ату және тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлеріне баулуға бағытталған. Бүгін мектеп оқушылары асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым. Балалық шағымда бұл ойын біз үшін футбол сияқты танымал ойындардың қатарында болатын», - деп жазды Асхат Аймағамбетов .



Сондай-ақ, одан балалар волейбол, баскетбол, футбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс және басқа да спорт түрлерін таңдай алады.



«Министрлік мектеп және студенттер спорт лигаларын өткізу шараларын қолдайды. Біз спорт секцияларының жалпы санын 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР БҒМ кешенді жұмыс жүргізеді. Министрлік мектеп оқушыларының санына байланысты спорт залдарының санын ұлғайтуды көздейтін әзірленіп жатқан мектептердің үлгілік жобаларына ұсыныстар енгізді», - дейді ол.



Білім министрінің айтуынша, балаларды секциялармен қамту олардың тәлімгерлеріне де байланысты. Сондықтан спорт секцияларын жүргізетін дене шынықтыру мұғалімдеріне жұмыстары үшін ай сайын қосымша ақшалай қаражат төленбек.



«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен көптеген ұсыныс келіп түсетінін атап өткім келеді. Олар сабақтың тиімділігін арттыру туралы өз ойларымен бөліседі. Жақын арада мәселені талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін кездесу өткізетін боламын», - деп түйді сөзін ведомство басшысы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аймағамбетов #асық #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);