AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Асхат Аймағамбетов : Мектеп директорларын ротациял...

Асхат Аймағамбетов : Мектеп директорларын ротациялау ережелері талқыланып жатыр

Білім және ғылым 09.06.2021, 12:12 2,386
Асхат Аймағамбетов : Мектеп директорларын ротациялау ережелері талқыланып жатыр
Сурет: Bilimdinews.kz

Талқылау барысында халықаралық және әлемдік тәжірибелер негізге алынады.


 


Бұл туралы Antikor.Live жобасында Білім және ғылым министрі айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Мектеп директорларын ротациялау бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылатын болады. Ведомство басшысы ротация институтын енгізу – директорларды тағайындаудың жаңа жүйесі, оларды аттестаттау, жалақы мен еңбек жағдайын арттырумен қатар басқару сапасын жақсартудың тиімді тетіктерінің бірі екенін атап өтті.



 


«Жалпы, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кадрларды жаңарту, ротациялау өте маңызды. Қазір көпшілік өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың арасында «ертең бүкіл ел бойынша 7500 директор бір мезетте жұмыс орнын ауыстырады» деп жатқандар да бар. Негізінде, олай емес. Мәселен, Павлодар облысында жұмыс істеп жүрген адам Қарағанды облысына немесе Қарағанды облысынан Түркістан облысына жіберілмейтіні түсінікті. Қазір біз тек бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде ғана айтып жатырмыз. Ротациялау бойынша нақты критерийлер анықталады. Біз өзгелердің бұл тетікті өз  мүдделері үшін пайдаланылуына жол бермеуіміз керек», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі.



Министр бүгінгі таңда ведомство өкілдері сарапшылармен бірлесе директорларды ротациялау ережелерін талқылап жатқанын айтты. Кейін мектеп директорларын ротациялау бойынша нақты критерийлер анықталады.



«Қазір әріптестерімізбен бірге директорларды ротациялау ережелерін талқылап жатырмыз. Біз халықаралық және әлемдік тәжірибені зерттедік. Түпкілікті шешім барлығының пікірін ескере отырып қабылданады. Осындай жаңа институттарды енгізу кезінде «зиян келтірме» қағидасын ұстану маңызды. Яғни, барлық тәуекелді ескеріп, ротацияға арналған негіздерді нақты регламенттеу қажет», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Казахстанские миротворцы #Миротворцы #Миротворческая рота #Қазақстан #білім #министр #Аймағамбетов #оброзавание
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);