AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Асаубаева әлем чемпионы атанды

Асаубаева әлем чемпионы атанды

Спорт 31.12.2021, 03:56 1,783
Асаубаева әлем чемпионы атанды
bag. kz

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап.





Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Польшада өтіп жатқан әлем біріншілігінде «рапидте» екінші орын иегері атанған болатын. 



- Ал бүгін қазақстандық шахматшы аталмыш жарыста «блицте» алдына жан салмай, жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Польшада өткен 2021 жылғы рапид және блицтен әлем чемпионаты (FIDE World Rapid and Blitz 2021) аясындағы блиц-турнирдің жеңімпазы атанды. Жарыс басынан-ақ Бибісара қарсыластарының оқ бойы озық кетіп, турнир аяқталуға бір тур қалғанда жеңіске жетті. Бұл - отандық спорт үшін тарихи оқиға, өйткені біздің шахматшымыз әлемдік шахмат түрлері тарихында ең жас әлем чемпионы атанды, - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің осы оқиғаға қатысты таратқан ақпаратында. 



Бұған дейін қазақстандық спортшы классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған. 


Сондай-ақ, күні кеше ғана 17 жасар Б.Асаубаева тамаша өнер көрсетіп, осы әлем чемпионаты аясында рапидтен (жылдам шахматтан) 2-орынды жеңіп алған болатын. 


Блиц турнирінің қорытындысы бойынша, екінші орынды екі күн бұрын рапидтен әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асаубаева #шахмат #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);