AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық ісі бойынша со...

Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық ісі бойынша сот процесі жалғасуда

Заң мен тəртіп 06.06.2023, 10:43 1,080
Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық ісі бойынша сот процесі жалғасуда
Сурет: Halyq-uni.kz

Сот процесі шиеленісе түсті.


Бір күн бұрын сотталушы Антикор қызметкерлерін әділетсіз әрекет жасады деп айыптаса, бүгін  өзін қорқытып, "Дипломат" қонақ үйін  басқа адамдарға атына жазып беруді талап еткен үш адамның атын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Ulysmedia.kz ақпаратына жүгінсек, сот отырысында Мұхамедиұлы өзіне көрсетілген қоқан-лоқы мен психологиялық қысымға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Айдос Тілендиев, сондай-ақ тергеушілер Ренат Юсупов пен Индира Маминбаеваның қатысы бар екенін мәлімдеді.



«Мен кеше іс "Дипломат" қонақ үйінің мүдделері бойынша қозғалды деген мәлімдеме жасадым. Мен нақты айтқым келеді. Ренат Юсупов бірінші кездесуде бір ғана сұрақты шешсеңіз, мұражайлар мен шеруге қатысты барлық басқа сұрақтар алынып тасталатынын айтты», – деді сотталушы.



Экс-министрдің тізімінде екінші тергеуші Индира Маминбаева, үшінші – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметкері Айдос Тілендиев болды.


Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақ үйі бойынша істі аталған азаматтар жүргізгенін айтып, 111 миллион теңге беруге көндірген де солар екенін жеткізді.


Қорғаушының сөзін адвокат Әйгерім Әнуарбек растады. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушыға қысым көрсетуді жалғастырып жатқанын айтты.



«Біз, яғни қорғаушы тарап, бүгін есеңгіреп қалдық, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлі күнге дейін менің қорғаушыма қысым көрсетіп келеді және жала жабу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытуда», — деп атап өтті ол.



Еске салайық, бұдан бұрын сот отырысында жауап алу кезінде экс-министр өзіне қарсы істің ойдан шығарылғанын және тек қаржылық мүдде үшін, ең алдымен, «Дипломат» қонақ үйіне байланысты қозғалғанын айтқан еді. 



«Антикор қызметкерлері менің туыстарым «Дипломат» қонақ үйін басқа адамдардың атына аударсын деген бірнеше ұсыныс берілді» - деді ол.



Антикор  "бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын" мәлімдеді.



“Мұхамедиұлына 221 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып отыр, оның қылмысқа қатысы жиналған дәлелдемелермен расталды, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды баға сот арқылы беріледі", – делінген ведомство мәлімдемесінде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сот процесі #қылмыс #Экс-министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);