AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы сот отырысы...

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы сот отырысы өтті

Заң мен тəртіп 28.09.2023, 09:26 1,319
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы сот отырысы өтті
Сурет: «Азаттык» радиосы

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы бұрынғы шенеунік рейдерлік жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Айыптау нұсқасына сәйкес 2019 жылы материалдық көмек алу үшін иелігінде Астанада орналасқан "Дипломат" қонақүй кешені бар кәсіпкер К. экс-шенеунік Мұхамедиұлына жүгінген. Мұхамедиұлы коммерсантқа 2,5 миллиард теңге беруге келіскен, алайда оның орнына ЖШС капиталынан қайын енесіне 71 пайыз рәсімдеуді сұраған. Тергеу мәліметінше, экс-шенеунік сол кезде-ақ қонақ үйді қолына алу жоспарын ойластырған.


Мәміле жасалғаннан кейін бұрынғы шенеунік қонақүйге үнемі бара берген, онда қызметкерлерге тең иелердің бірі ретінде таныстырылған. Әрі қарай Мұхамедиұлы кәсіпкер К.-ден қалған 29 пайызын беруді талап еткен, алайда кәсіпкер бас тартқан. Содан кейін Мұхамедиұлы "Дипломат" қызметкерлеріне ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық береді. Сонымен қатар, серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы қолдан жасалып, онда серіктестік директоры Мұхамедиұлына байланысты тұлғаға ауыстырылады.


Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта тағылған айыппен келіспей, жәбірленушіні саясаткер Марк Юниус Брутпен, ал өзін Гай Юлий Цезарьмен салыстырған жалынды сөз сөйледі.



"Рим империясының тарихынан Марк Юниус Брут бүкіл адамзат тарихында айлакерлік пен зұлымдықтың символы ретінде қалғанын жақсы білеміз. Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың зұлымдығына қарамастан, тарихта "сен Брутсың" деген сөздің авторы ретінде қалды" - деді Мұхамедиұлы.



Мұхамедиұлының пікірінше, судья тарихта Геракл ретінде қалады.



"Авгий патшаның қораларын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты осы сот ісіндегі зұлымдық пен өтірікті тазалайтыныңызға сенімдімін", - деді ол судьяға.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дипломат #сот #құқық #Арыстанбек Мұхамедиұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);