AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арыстанбек ақтала ма?

Арыстанбек ақтала ма?

Әлеумет 05.07.2024, 16:32 991
Арыстанбек ақтала ма?
Сурет: интернеттен

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі мен адвокатына қатысты іс пен үкімді қарады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Айта кетейік, ақпан айында Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарған еді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Өткен жазаны ескере отырып, бұрынғы шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгінгі сотта сотталғандардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушылары сөз сөйледі.

Арыстанбек Мұхамедиұлының қоғамдық қорғаушысы оның ұлы Димаш Мұхамеди болды.

Димаш өзінің сотқа дайындалып үлгермегенін айтып, өз сөзін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіруден бастады. Президентке Жаңа Қазақстанды енгізгені үшін және Сот жүйесінің объективті, ашық және әділ болуына ерекше назар аударғаны үшін ризашылығын білдірді.

Арыстанбектің ұлы ата-анасының бала кезінен адалдыққа, әдептілікке үйреткенін де атап өтті.

Адвокатты қолдағым келеді. Әкем Арыстанбек Мұхамедиұлын толығымен ақтауды сұраймын. Себебі бұл ойдан шығарылған іс. Менің анам Ғалия Ысқақованы толығымен ақтасаңыздар. Екі жылдан астам уақыт бойы отбасымызда қуаныштың лебі сезілмей қалды, - деді ол.

Димаш Мұхамедидің айтуынша, әкесі екі жылдан астам уақыт қамауда болғандықтан, ол әлі өзінің бірінші немересін де көрмеген. Сондай-ақ анасы заңсыз алты ай бойы үй қамауында отыр.

Сотта Мұстахим Төлеевтің адвокаты Карина Жұмағазиева да сөз сөйледі.

Төлеев басқа сотталғандармен заң көмегін көрсету туралы шарт жасасты. Ол өз ісін соңына дейін аяқтамады және заң талаптарына сәйкес алған сыйақысын қайтаруға міндетті. Төлеев оны қайтарды, мүліктік немесе басқа сипаттағы шағымдар жоқ екені туралы қолхатта жазылған. Адвокат пен клиент арасындағы қарапайым азаматтық қатынастар қылмыстық құқық бұзушылық сияқты көрінеді, - деді Карина Жұмағазиева.

Мұстахим Төлеевті оның ұлы Темірлан Төлеев, Арыстанбек Мұхамедиұлының мүддесін адвокат Рахым Мақажанов, тағы да бірқатар адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар қорғады.

Прокурор Арман Казикен апелляциялық шағымдарда келтірілген дәлелдер үкімнің күшін жоюға негіз бола алмайды деп санайды. Сот кеңесу бөлмесіне кетті. Шешім бүгін түстен кейін жарияланады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арыстанбек Мұхамедиұлы #сот #аппеляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);