Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Арыста зәулім мешіт ашылды

Арыста зәулім мешіт ашылды

Әлеумет 17.11.2023, 11:51 1,450
Арыста зәулім мешіт ашылды
muftyat.kz


Арыс қаласында жалпы халықтың қаржылай қолдауымен және сауапты іске жұмыла қалатын жомарт жандардың демеушілігімен сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды.


Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен ақсақалдар және қала тұрғындары қатысты.



Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Әрі қарай, құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.


Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтар мен кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс айтты. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналады деп сенім білдірді.


Жаңа мешітке діни басқарманың шешімімен «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» атауы беріліп, Бас мүфтидің бұйрығымен Берік Үйсінбаев имам болып тағайындалды.



Айта кетейік, жаңа мешіттің мінәжат залы 1500 ш.м. құрайды. Құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған. Қала іргесінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан ғибадатханаға әрқайсысы биіктігі 33 метр болатын төрт мұнарасы, үлкенді-кішілі 17 күмбезі орнатылған. Мешіттің тағы бір ерекшелігі мұнарасы – Мәдинеге, құбыласы Меккеге бағытталыпты. Үш қабаттан тұратын мешітте бір мезетте 2 мың адам құлшылық ете алады. Мұнда үлкен залға ілінген люстрада 99 жарықшам қойылған. Бұл Алланың 99 есіміне орайластырған. Бұдан бөлек, мұнда конференция залы, кітапханасы, дәрісханалар, бір үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар 100 автокөлікке арналған автотұраққа орын бөлінген. Мешіт аумағында 150 кісіге арналған асханасы да қарастырылған.



Құдай үйін жаңа кілеммен жабдықтауға мешіттің соғылуына үлкен демеушілік танытқан белгілі кәсіпкер Балқия Балтабай атсалысқан. Ол салмағы 9 тоннаға жуық болатын, өте сапалы, қой жүнінен тоқылған кілемді өз қаржысына Түркиядан арнайы алдырып, сыйға тартты.



Сонымен қатар, жаңа мешіт жанынан 300 балаға арналған «Әз Тәуке хан» қарилар дайындау орталығы (жатақханасымен), спорт кешені, тәлім беруші ұстаздарға арналған 6 қызметтік үй мен адал мейрамхана, сондай-ақ 300 орындық қыздар медресесі орналасқан.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арыс #мешіт #Абубәкір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.