AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдайды тексеруге тә...

«АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдайды тексеруге тәуелсіз сарапшылар тартылды

Оқиға 13.06.2022, 13:30 967 Almaty-akshamy
«АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдайды тексеруге тәуелсіз сарапшылар тартылды
Cурет: Inform.kz

Бұл биылғы жылы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарындағы алғашқы жазатайым оқиға емес


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында зардап шеккен жұмыскердің жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде науқас шок күйден шығарылды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда және оң динамика байқалады», - деді Теміртау қаласының орталық ауруханасы директорының м.а. Ульяна Базарова.



Сондай-ақ қаза тапқан 4 қызметкер жайлы мәліметтер белгілі болды. Көз жұмғандар 34-58 – жастағы ер адамдар.


Жәнібек Әбдірасылов отбасындағы жалғыз асыраушы болған. Туыстарының айтуынша, Жәнібек жазатайым оқиғаға дейін кәсіпорында бір ай ғана жұмыс істеген. Ол небәрі 40 жаста еді.



«Кішкентай балалар әкесіз қалды. Бізге компания мен әкімдік өкілдері келді, біз оларға өз талаптарымызды айттық. Жәнібектің ипотекасы бар. Сондай-ақ болашақта балаларға тұрғын үй беру туралы мәселе көтерілді», - дейді марқұмның туысы Бейсен Есболов.



«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартқа сәйкес көмек көрсетіледі деп уәде беруде.


Айта кету керек, бұл биылғы жылы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарындағы алғашқы жазатайым оқиға емес.
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, осы жылы 6 адам зардап шеккен, олардың екеуі қаза тапты. Өткен жылы өнеркәсіптік алыптың өндірістерінде 42 адам жарақат алып, 9 адам көз жұмған.


Осы уақытта арнайы комиссия мүшелері тиісті жұмыс жүргізуде. Комиссия құрамына еңбек инспекциясы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының, Теміртау әкімдігінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің барлық уәкілетті ведомстволарының басшылары, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы және «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы кірді.



«Бұл мәселе бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия тексеру жұмыстарына тартылды. Бүгін осы ғимаратты, пештің өзін тексеру бойынша жұмысқа кірісті. Тексеру нәтижелері бойынша 3 тәуелсіз ұйым өзінің сараптамалық қорытындысын береді», - деп түсіндірді Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина Любарская.



Арнайы комиссия кәсіпорында 10 күн жұмыс істейді. Сонымен қатар «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.


Естеріңізге сала кетейік, «Құрылысмет»« ЖШС аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері қайғылы жағдайға ұшыраған болатын. Отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде цехтың жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінің төбесі құлады. Үйінді астында бес адам қалып қойды.


Оның төртеуі қайтыс болды, 1994 жылы туған тағы бір жұмыскер ауруханаға жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АрселорМиттал Теміртау #өндіріс #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);