AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арманы асқақ Аружан

Арманы асқақ Аружан

Әлеумет 10.10.2023, 09:21 901 Almaty-akshamy.kz. 
Арманы асқақ Аружан
Суреттер Аружан Әлімбетованың Instagram парақшасынан алынды



Аружан Әлімбетова Дубайдағы Emirates әуекомпаниясында бортсерік болып қызмет етеді.


Оны мұнда мақсатына жетпей қоймайтын қайсар мінезі жетелеген. Арманы асқақ қыздың ақылы көркіне сай. Нәзік болмысына бортсерік киімі құйып қойғандай, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелде еңбек етіп жүрген қаракөз қызымыз небәрі 24 жаста. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында туып-өскен. Өзі Алматыдағы ҚазҰУ-дың түлегі. «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алған. Алғашында Air Astana компаниясында екі жылдай уақыт жұмыс істеп, биыл Emirates-ке орналасты. Өскен өңірден жыраққа кету үйінің жалғыз қызына оңай емес әрине. Бар жақсыны балам көрсін дейтін анасы үлкен қолдау білдіріпті. Сөйтіп қазір Аружан Дубайдағы өмірге толық бейімделген.



«Дубай – өте қауіпсіз, таза әрі заманауи қала. Мұндағы тұрғындардан өзара сыйластықты үйрендім. Кез келген ұлт өкіліне достық ықыласпен қарайды. Асыққан адамды көрмейсің. Халқы тәртіпке бағынған, ұрлық жоқ. Бір жерде қалдырып кеткен затыңа ешкім тиіспейді. Түн ортасында жалғыз дүкенге бару да қорқынышты емес. Сөмкең ауыр болса дүкен қызметкерлері затыңды үйіңе дейін апарып беруге бар», деді А.Әлімбетова.



Оның бұл қалада тұрып жатқанына сегіз ай болды. Жаңа жерге тезірек үйренісуіне әлбетте сүйікті ісінің ықпалы көп.


Ол бұл компанияға талай кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп келді. Шетелдік компанияның Алматыда өткізген іріктеуіне 76 адам қатысып, соның жетеуі сынақтан сүрінбей өтті. Аружан соның бірі.





1



«Үлкен әуекомпания болғандықтан әртүрлі елдерге сапар шегеді. Экипажда әрдайым әртүрлі ұлт өкілдері болады. Сол себепті компания  түрлі тұлғаларды іздейді. Біздегі бортсеріктердің әрқайсысы әртүрлі мінезді. Бәрімізді достық ұйыстырады», - дейді бортсерік қыз.



Компания қызметкерлердің денсаулығына жіті көңіл бөледі. Іріктеуден өткен олар ең әуелі медициналық тексерістен өткен. 2 ай уақытты ағылшын тілін жетік меңгеруге арнаған. Бұдан соң авиацияға қатысты теориялық білімді жетілдіріп, бортсерік қызметіне кіріскен. Қызметкерлер алты ай уақыт сынақ мерзімінде жүреді. Бұл мезетте тәжірибелі бортсеріктер жаңа жұмыскерлерге түсіністікпен қарап, көмегін аянып қалмайды.


2


Компания қызметкерлердің жұмыс істеуіне, жайлы өмір сүруіне бар жағдайды жасап қойған. Тұратын тегін үй, экипажға арналған көлік деген сынды мұқтаждықтардың барлығы қарастырылған. Аружан бұл қызметін әлемнің әр түкпіріне табан тиіп, түрлі өркениетпен таныса алатыны үшін де жақсы көреді. Бүгінде ол 22 елде болыпты. Әр саяхаттан жаңа эмоция, күш аламын дейді ол.


Шетелдегі қомақты жалақы мен жайлы өмірге үйренген жастардың отанына оралмай қалып жатқан мысалы көп. Осы орайда Байқоңырда туған қыз: «Отан оттан да ыстық. Түбі бір күні елге оралатынымды білемін», -дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Emirates әуекомпаниясы #Air Astana #дубай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);