AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Аргентина халқы чемпиондарын зор қошеметпен күтіп...

Аргентина халқы чемпиондарын зор қошеметпен күтіп алды

Әлем 20.12.2022, 09:20 1,126
Аргентина халқы чемпиондарын зор қошеметпен күтіп алды
Сурет: Sport.kg

Сейсенбі күнін демалыс деп жариялады.


Аргентина қаһармандарын қарсы алып жатыр. Жексенбі күні Францияны жеңген ұлттық құрама бүгін Қатардан футболдан әлем чемпионатының алтын жүлдесімен оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мемлекеттік әуе компаниясының ұшағы Буэнос-Айреске сейсенбі таңертең қонды.


Әуежайда жанкүйерлер жиналды. Негізгі құрмет көрсету салтанаты Аргентина астанасының орталығындағы ескерткіш маңында түстен кейін өтеді.


Аргентина Үкіметі бүкіл халық салтанатты жиынға қатысуы үшін сейсенбі күнін демалыс деп жариялады.


Аты аңызға айналған Лео Месси бастаған әлем чемпиондары Аргентина футбол қауымдастығының орталығынан қала ортасындағы ескерткішке жол тартты.


Альбиселесте әлем чемпионы титулын үшінші рет жеңіп алды. Соңғы рет олар 1986 жылы Мексикада жеңімпаз атанған еді.


Еске салайық, Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары алтын жүлдені сарапқа салып, ойын Аргентинаның жеңісімен аяқталған еді.


Аргентина капитаны Лионель Месси Қатарда өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Аргентина #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);