AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» ат...

«Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» атты кездесу өтті

Барлығы 15.10.2025, 12:30 920 Сауырбаев Н.Б. Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
«Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» атты кездесу өтті
Алматы көлік және коммуникациялар колледжі

Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің базасында, «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Алматы қаласы Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» атты
ардагерлер мен жастардың кездесуі болып өтті.

Кездесудің басты мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуына жағдай жасау, азаматтық жауапкершілігін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, кәсіби мәдениетін жетілдіру және қоғам өміріне белсенді араласуға, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында ардагер ұстаздар студенттермен өздерінің өмір жолдары мен ұстаздық қызметтері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Колледж студенттері өздері дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, ардагерлерге құрмет көрсетті.
Кездесу кезінде ардагерлер мен мәртебелі қонақтар қызмет жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жастарға кәсіби және өмірлік тәжірибелерінен тағылымды кеңес берді.

Білім алушылардың алдында сөз сөйлеген ардагер ұстаздар жастардың қайсар ата-бабаларының даңқты дәстүрлерін жалғастырушы, өз Отанының нағыз патриоты болып өсуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, өз мамандықтарын сүйіп, темір жол саласының білікті мамандары болуға үндеді.

Кездесу барысында қонақтар колледж мұражайымен, заманауи жабдықтармен, тренажерлармен және цифрлық шешімдермен жабдықталған құзыреттілік орталығымен танысты.
Іс-шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сауырбаев Н.Б. мазмұнды кездесу ұйымдастырған ардагерлерге және жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
                                    

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);