AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ардагер журналист алаяқтарға алданып үйінен айырыл...

Ардагер журналист алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғалы тұр

Оқиға 05.07.2025, 13:00 988 yakiya
Ардагер журналист алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғалы тұр
интернет

Бұл туралы Айбар Олжаев ФБ парақшасына жазды.

“Журналистиканың құрметті ұстазы, бәрімізді оқытқан ардагер Кәкен Қамзин ауыр жағдайға душар болды” деп жазған еді шәкірті әрі әріптесіміз Айбар Олжаев. 

Автордың жазбасына сүйенсек, Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылып қалғалы тұр. 

Алаяқтар ардагер журналист, профессордың сенгіштігін пайдаланып кинодағыдай әрекет еткен. Алдымен Энергосбыт адамдары ретінде хабарласып, мекен-жайы, ЖСН, пәтері туралы ақпаратты біліп алған. 

Артынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып, хабарласып, үйін біреулер тартып алайын деп тұрғанын айтып, тез сатуға көндіріп, ал ақшаны Ұлттық банктің арнайы шотында сақтайсыз деп алдаған. 

Профессор нотариус арқылы үйін сатып, ақшаны алаяқтар жіберген курьерге бере салған.

Қазір Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласының Полиция департаментінен осы резонансты іске барынша жұмылуды сұраймын. Ішкі істер министрі, құрметті Ержан Саденов, осы істі жеке бақылауға алсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Сот арқылы үйді сату мәмілесін заңсыз деп тану үшін адвокаттардың көмегі керек. Сыйлайтын ағамыз Абзал Құспан кәсіби кеңес берсе үлкен көмек болады.

Парламент депутаттары, профессор шәкірттері Жанарбек Әшімжан, Нартай Сарсенғалиев, Мақсат Толықбай, арда журналист Ермұрат Бапи осы істі назарға алып, үлкен резонанс туғызса, профессорды қорғай аламыз.

Дәл қазір Кәкен Қамзин жалғыз, үйінде баррикада құрып бекініп жатыр. Пәтерді сатып алғандар кешке, түнде келіп қоқан-лоққы көрсеткен. Іс насырға шауып барады, - деп жазды автор. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);