ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек

Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек

Заң мен тəртіп 30.01.2024, 05:46 1,361
Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек
Алматы полициясы жыл қорытындысын шығарды

Алматы полициясы жыл қорытындысын шығарды


Алматы полициясы өткен жылдың жұмысын қорытындылады. Күн тәртібінде Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақтылаған мәселелер бар, деп хабарлайыд almaty-akshamy.kz


Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде, полицияның елімізде “Заң және Тәртіп” қағидатын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек. Сондықтан құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі керек.




– Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды азайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықты көші-қонды бақылауды күшейту, есірткі қылмысымен күресу, сондай-ақ жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды. Ішкі істер министрінің ағымдағы 2024 жылды Кадрлар сапасын арттыру жылы деп жариялауы, басшылардың басты назарын қарамағындағы қызметкерлердің адамгершілік қасиеттерін арттыруға аудару керектігін атап өткім келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеруі керек, – деді қорытынды жиында Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.



Алматы қаласының бас полицейі жиынға қатысушылардың назарын шаһардағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтуге, сондай-ақ қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға жұртшылықты белсенді тартуға аударды.



– Профилактикалық жұмысты мектеп басшылығымен бірге күшейту қажет. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам институттары мен сарапшыларды тарту қажет. Балаларға оң тәрбие беру үшін құзырлы қызметтермен бірлесіп, балалардың түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына баруын қамтамасыз ету, олардың сабаққа қатысуын қадағалай алуы үшін бірлескен жұмысты ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар қорқыту, қорлау және бопсалау деректерін анықтау үшін жасөспірімдер мен жастар арасында мақсатты іс-шараларды өткізуге жедел қызметтерді бағдарлауға ерекше назар аудару қажет, – деді Арыстанғани Заппаров.



Сонымен қатар жиын барысында Арыстанғани Заппаров жергілікті полиция қызметіне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды күшейтуді тапсырды. Спикер құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне де тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру, олардың жасалу себептерін жою бағытында мақсатты жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.


Жедел кеңестің қорытындысы бойынша ПД басшысы Алматы полициясының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар беріп, қызметте ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін марапаттады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.