Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Арбаттағы көпшілік орындарға бақылау камералары ор...

Арбаттағы көпшілік орындарға бақылау камералары орнатылады

Әлеумет 18.05.2023, 06:44 1,145
Арбаттағы көпшілік орындарға бақылау камералары орнатылады
Сурет: Yvision.kz

Қазір Арбат қала жастары бас қосатын жерге айналды.


Қала басшысының айтуынша, бұл маңдағы тәртіп  қолға алынатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әкімнің бүгінгі Алмалы ауданының халқымен кездесуіне келген тұрғын мынадай шағым жасады:



«Мен Абылай хан даңғылындағы 59 үйдің тұрғынымын, бұл қаланың эпицентрі, Арбат жаяу жүргіншілер аймағының жанында, біздің інжу-маржанымыз. Кешке ол жерден көп шу естіледі. Бұл  Жібек жолы 103 мекенжайда тұратын біздің үйдің тұрғындарына қатты кері әсер етеді. Біз түрлі шаралар қабылдауға, 102-ге хабарласуға және қоңырау шалуға, патрульдерді шақыруға мәжбүрміз. Бұл да ештеңе емес,  тағы  бір проблема пайда  болды –  енді  мопедистер Арбатқа жинала бастады. Олар кешкі және түнгі уақытта жиі кездеседі. Біз патрульді шақырған кезде мопедистер тез  кетіп қалады. Бұл олар үшін батыл ойынға айналады, өйткені олар қайтып оралады, сигнал беріп, өздерін көрсете бастайды, жол бойында қатарға тұрады. Бұл дегеніңіз барып тұрған бассыздық қой. Олардың нөмірлері жоқ, қадағалап, жазалау мүмкін емес. Біздің барлық  ескертпелерді елең қылмайды, жүгенсіздік танытады».



Тұрғынның шағымына қатысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев былай деді:



«Шын мәнінде, біз мопедтер мен электр скутерлері көлік құралдары деп танып, нөмірлері болуға міндеттейтін заңға шешім мен толықтырулардың енгізілуін асыға күтеміз, содан кейін полиция департаменті мен әкімшілік полиция басқармасы қажетті шараларды қабылдай алады. Олар жиналған жерлерде қосымша камералар орнатылуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, бұл адамдарды тәртіпке келтіреді. Біз Алматы әкімдігінің атынан электр скутерлерінен басқа, мопедтерді 50 текшеден аз көлікпен тану туралы ұсыныс енгіздік. Оларға айыппұл салу мүмкін емес, өйткені олардың заңды мәртебесі жоқ. Жұмысты жалғастырамыз, ал Арбат бойынша – цифрландыру басқармасымен бүкіл жаяу жүргіншілер аймағында камералар орнатамыз. Аулаларда, егер шлагбаумдар орнатуға болатын болса, аудан әкіміне, полиция департаментіне осы ұсынысты қолдауды тапсырамын. Заңнамалық реттеудің арқасында  тәртіп  қолға алынатын болады»



«Барлығы қарауда, скутерлер бойынша Мәжілісте шешім қабылданды, мопедтер бойынша – қарау сатысында. Арбатқа келетін болсақ, біз шара қолданамыз, патрульді күшейтеміз», деді өз кезегінде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#арбат #камера #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.