AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда...

Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды

Әлеумет 23.12.2024, 11:04 1,069 Bakyt
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Арбаты Жаңа жылдық мерекеге орай Лондонның әйгілі Карнаби көшесінен шабыт алған жарқын арт-нысанға айналды. Тұрғындардың сүйікті жаяу жүргіншілер көшесі мыңдаған гирлянд шамы мен жарық қондырғылармен көмкеріліп, жайлы әрі сиқырлы атмосфераны қалыптастырды.

«Жаңа жылыңызбен», «Бақытты бол», «Жұлдызың жансын» деген жарқыраған жазулар тілектер ерекше назар аудартады. Бұл жүрекжарды лебіздер мұнда келген әрбір адамға арналғандай, мейірім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары ерекше безендіруді жоғары бағалады.

«Балалармен бірге біз де өте қуаныштымыз! Қаншама әдемі сурет түсіріп үлгердік. Өзім де бала сияқты осы әшекейлерге қуанамын. Шынымды айтсам, қала әрқайсымызды құшақ жая қарсы алуға дайындалып жатқандай көрінеді. Мұнда керемет әдемі әрі бәрі жарқырап тұр», - деді алматылық Алуа Жомарт. 

Жібек жолы көшесінде де жарықтандырылған аққала мүсіндері, жарқыраған жұлдыздар және сәулелі бұғылар орнатылған. Олар балалар мен ересектердің жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйлайды. Мерекелік безендіруді сәндік аюлар мен басқа да элементтер толықтырып, Арбаттағы серуенді ерекше жайлы етеді. Ең әсерлі қондырғының бірі – «2025» сандары бар алып жарқыраған шар.

Арбаттың орталық шыршасы түрлі-түсті шарлармен, жарқыраған шамдармен және жұлдыздармен безендірілген. Оның етегінде орналасқан алып сыйлық қораптары кеңістікке ертегідей ерекше атмосфера береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #арбат #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);