ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Аралды сексеуіл құтқара ма? Жұма намазы нешеде оқы...

Аралды сексеуіл құтқара ма? Жұма намазы нешеде оқылады? Боксшы президент, 72 млрд теңгенің шұлығы

Саясат 26.02.2024, 12:30 1,249
Аралды сексеуіл құтқара ма? Жұма намазы нешеде оқылады? Боксшы президент, 72 млрд теңгенің шұлығы
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы
Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені


Президенттің  Шығысқа сапары



Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы көпбейінді Онкология және хирургия орталығының базасында ашылған Сәулелік терапия және диагностика орталығына барды. Сонымен қатар Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барып, жоғары оқу орнының қызметімен танысты және оның базасында құрылған «Лу Бань шеберханасы» оқу орталығын аралап көрді.


Тоқаев Ердоғанды құттықтады



Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізген Қасым-Жомарт Тоқаев оның көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.


Қарағандыда зауыт өртенді



Зардап шеккендер жоқ. Өрт 08.22-де толығымен өшірілді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сағат 06:32-де Қарағанды ​​қаласының Ә.Бөкейханов ауданында «Пархоменко атындағы Қарағанды ​​машина жасау зауыты» ЖШС аумағында цех шатырының ағаш жабыны өртенді.


Аралды сексеуіл құтқара ма?



Теңіздің ұлтанына  10 000 сексеуіл көшеті отырғызылады. Бұл жоба Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге атсалысуды көздейді. 1-3 наурыз күндері Қазақстанда еріктілердің алғашқы экологиялық жобасы басталады.


Жобаны ҚР Экология министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және халықаралық Аралды қорғау қоры мен AlmaU университетінің мамандары ұйымдастырады.


Сегізінші сайлау



Беларусь президенті Александр Лукашенко 2025 жылғы Беларусь президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Ел президенті және Қарулы күштердің Бас қолбасшысы қызметіндегі Александр Лукашенко 1994, 1999, 2001, 2006, 2010, 2015, 2020 жылдарда өткен сайлаулардың бәріне қатысқан. Ол қатарынан сегізінші мерзім сайлауға түспек.


72 млрд теңгенің шұлығы



Өткен жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 72 млрд теңгенің шұлығын киіпті. Мамандар бұл көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 18 есе көп екенін айтады.


«Өнімдердің түгелге жуығы  шетелден келеді. Доллармен есептегенде, бір айда шұлық бұйымдары импортының көлемі 157 миллионды құраған. Бұл 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 20 есеге көп. Соның түгелге жуығы Қытайдан келген мақта шұлық бұйымдарының үлесіне тиеді – 20,3 миллион жұп», - делінген хабарламада.


Жұма намазы нешеде оқылады?



1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты жұма намазын оқу уақыты өзгереді. Мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданды.


Жүк көліктеріне шектеу енгізіледі



Республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу енгізіледі. Аталған уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады.


Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді



Бұл туралы зардап шеккен тараптың қорғаушылары мәлімдеді. Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары барлық сот медициналық сараптама аяқталған соң ғана іс сотқа жіберілетінін айтқан. Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы «қатігездікпен өлтірді» деген күдікпен қамалған болатын. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы «BAU» мейрамханасында болған.


Боксшы президент



Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жабық есік жағдайында өтnі. Оған журналистер шақырылған жоқ. Былтыр Геннадий Головкин ресми түрде IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл оның осы кезге дейінгі соңғы атағы еді.


 


 


 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.