AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аралардың азаюынан балдың бағасы қымбаттай бастады

Аралардың азаюынан балдың бағасы қымбаттай бастады

Әлеумет 20.09.2024, 19:11 1,188
Аралардың азаюынан балдың бағасы қымбаттай бастады
Сурет: Islam.kz

Ресей Федерациясының негізгі бал өндіретін аймақтарында аралардың жаппай қырылуынан адамзатқа аса пайдалы ттабиғи өнімнің бағасы 30-50 пайызға қымбаттап кеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бұл жайында islam.kz порталы Telegram әлеуметтік желісінің Shot арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Татарстан омарташылары жетекшісінің айтуынша, бұл саладағы олқылық егістік алқаптарын тозаңдандыру кезінде агрохимиялық дәрілерді қолданудан туындаған: кері әсері аралар популяциясына да тиген. Жәндіктердің жойылуына байланысты бал тапшы болып, баға күрт көтеріле бастады. «Татарстанда өткен жылы табиғи линден балы үш литрі 2 мың рублге жетсе, биыл аралардың жойылуына байланысты 4 мыңнан сатылуда», - деп түсіндірді ол. Мұндай қиындықпен тек Татарстан омарташылары мен тұтынушылары ғана емес, сонымен қатар, Башқұртстан, Алтай өңірлерінің ара өндірушілері де бетпе-бет келіп отыр. Осыны ескерген РФ ара бағы өнеркәсібі одағы егістік алқаптарында улы зимикаттарды қолдануға қатысты ережені қатайтуға уәде беріп отыр. Жаһандық жылынудың үдеуіне байланысты аралардың ғұмыры екі есе қысқарған, ал жәндіктердің көлемі айтарлықтай кішірейген. Егер өткен ғасырдың екінші жартысында тәжірибелік жәндіктер орта есеппен 34,3 күн өмір сүрсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш екі есеге, яғни, 17,7 күнге дейін төмендеген. Ресейде де аралар саны ғасыр басынан бері ұдайы кеміп келеді. Егер 1990 жылы РФ аумағында жалпы саны 4,5 миллион бал арасы болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 3,7 миллионға, ал 2016 жылы 3 миллионнан сәл астамға дейін төмендеген. Ұлттық зерттеу университетінің экономика жоғары мектебінің мәліметінше, 2008-2018 жылдары елдегі бал жәндіктерінің саны 40 пайызға азайған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бал #баға #қымбат #аралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);