ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Араб инвесторлары Қазақстанмен су саласында ынтыма...

Араб инвесторлары Қазақстанмен су саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

Әлеумет 10.09.2024, 19:15 1,020
Араб инвесторлары Қазақстанмен су саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті
Сурет: Gov.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Араб үйлестіру тобының өкілдері – Сауд Даму Қорының (SFD) бас директоры Сұлтан Абдулрахман әл-Маршади және ОПЕК қорының президенті, доктор...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Араб үйлестіру тобының өкілдері – Сауд Даму Қорының (SFD) бас директоры Сұлтан Абдулрахман әл-Маршади және ОПЕК қорының президенті, доктор Абдулхамид Алхалифамен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Нұржан Нұржігітов ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жүзеге асыруға болатын жобаларды талқылады. Атап айтқанда, шетелдік инвесторларға Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.

Министр инвесторларға су саласын, жерасты суларын автоматтандыру және цифрландыру, топтық су құбырларын қайта жаңғырту және маман даярлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, тараптар Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының және Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін талқылады.

Шетелдік инвесторлар өз кезегінде министрліктің жобаларына қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар талқылауды бірлескен жұмыс топтары шеңберінде жалғастыруға келісті.

«Біз Ислам даму банкімен келіссөздер хаттамасына қол қойдық. Осы арқылы Қазақстанның су саласына қомақты инвестиция әкелетін келісімдерді әзірлеу және оған қол қоюға мүмкіндік беретін келесі кезеңге өттік. Мемлекет басшысы еліміздің су саласына инвестиция тартудың маңызын атап өтті, сондықтан біз халықаралық қаржы институттарымен белсенді келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.