AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әр үш секунд сайын біреуі сатылады

Әр үш секунд сайын біреуі сатылады

Әлеумет 03.08.2023, 05:31 1,139
Әр үш секунд сайын біреуі сатылады
almaty-akshamy.kz

Жаз – балмұздақ көп желінетін мезгіл. Әрі бала біткен демалыста, қолдарына тиын-тебен түссе, «балмұздақ аламыз» деп дүкенге қарай құстай ұшады. Осы бір тіл үйірер тәттінің қадірлі болғаны соншалық, әлем күнтізбесінде Дүниежүзілік балмұздақ күні де бар екен.


Алғаш рет Нью-Йоркта балмұздақ 1786 жылы маусымда сатылыпты. Содан бері осы күнді Балмұздақ күні деп атап келеді. Бірақ Қытайда одан да ертеректе пайда болған деседі. Ежелгі Қытай халқы мұз, қар және жеміс-жидек қоспасынан сергітетін тағамдар әзірлеген. Еуропаға бұл рецептті алғаш болып сол елде саяхатта болған Марко Поло әкелген көрінеді. Ертедегі грек қолбасшысы Александр Македонскийдің әрбір қиян-кескі ұрыстан кейін қарды балмен немесе жеміс шырынымен араластырып жегені айтылады кей деректерде. Қызық екен.


Балмұздақты алғашында тек ауқатты адамдар ғана сатып ала алатын болған. Ал бүгінде кез келген адам үшін қолжетімді. Әлемде жыл сайын 15 миллиард литр балмұздақ желінеді. Бұл мөлшер 5000 олимпиадалық бассейнді толтыруға жетеді екен. Әр үш секунд сайын бір балмұздақ сатылады.


Балмұздақты француз императоры Наполеон Бонапарт та қатты жақсы көрген деседі. Ал Британияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің саяси мансабын бастамас бұрын, химия саласында жұмыс істеген және жұмсақ балмұздақ рецептерін жасауға қатысқан дейді дерек көздері. Бірде NASA ғарышкерлерге «Жерден» нені сағынатынын сұрап, сауалнама жүргізген екен. Нәтижесінде космоста жүрген ғарышкерлердің ең сағынатын тамағына пицца, газдалған сусын және балмұздақ кірген.


Жер бетіндегі ең қымбат балмұздақ «Алтын» деп аталады. Ол АҚШ-та сатылады, бағасы 1000 доллар. Ал алғашқы ең үлкен балмұздақ Канадада жасалған. Оның салмағы 10 тоннаны құрапты.


Жер бетінде ең көп таралған түрі – ванильді балмұздақтар. Португалияда үй жануарларына арнап қантсыз балмұздақтар өндірілді. Мексикадағы ең танымал десерт – қуырылған балмұздақтар.


Ғалымдар балмұздақтың адамның көңіл күйін көтеретінін, сондай-ақ оны көп жейтін әйелдерде бала көтеру мүмкіндігі жоғары болатынын дәлелдеген. Онда не тұрыс, кеттік дүкенге, балмұздақ алуға, бүгінгі күніміз сәтті әрі көңілді өтсін!


Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балмұздақ #бала #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);