AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылы жолға қарызы бар қазақстандықтар кейбір жолд...

Ақылы жолға қарызы бар қазақстандықтар кейбір жолдармен жүре алмайды

Әлеумет 05.12.2022, 10:11 1,264
Ақылы жолға қарызы бар қазақстандықтар кейбір жолдармен жүре алмайды
Сурет: Baribar.kz

Қазақстандықтардың ақылы жолдарға қарызы 5 млрд теңгеден асады.


Бұл туралы ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бахтияр мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



 «Аталған сома өткен жылдың 23 қарашасынан бастап, биыл 1 желтоқсан аралығында жиналды. Көлік иелері ақылы жолдар бойынша қарызын белгіленген уақытта төлеуі тиіс. Мысалы, көлік иесінің 300 мың теңге қарызы болса, ол берешегін кестеге сай 2 жыл көлемінде төлейді», - деді Жамбыл Бахтияр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасының эфирінде.



Министрлік өкілінің айтуынша, қазір елімізде 2,2 мың шақырым ақылы жол бар. Жыл басынан ақылы жолдан 20 млрд теңге табыс түсті. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалады.



«Биылға жоспарланған жаңа ақылы жолдарды енгізу кейінге қалдырылды. Себебі тұрғындар абоненттік төлемді алып тастауды сұрап отыр. Сондай-ақ, 2 санаттағы автомобиль жолдарын ақылы етуге келсек. Бұл мәселе халықтың оң келісімінен кейін ғана шешіледі. Дегенмен біз ақылы жолдардан бас тарта алмаймыз. Жалпы 15 желтоқсаннан бастап елімізде жаңа абоненттік төлем жүйесі енгізіледі. Ол бойынша ақылы жолдар екі түрге бөлінеді. Бірінші, жабық жүйе. Яғни «Астана-Щучинск», «Қарағанды- Астана», «Алматы-Қапшағай» тасжолдары бойынша қарызы бар көлік иелері берешегін өтегеннен кейін ғана жүре алады. Екінші ашық жүйе. Ол бойынша көлік иесі төлемеген жағдайда қарызы жинала береді», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақылы жолдар #қарыз #көлік иелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);